Макгрегор мен Фергюсон арасында уақытша чемпиондық белдік үшін жекпе-жек өтуі мүмкін
UFC президенті Дана Уайттың айтуынша, аталған ұйым Конор Макгрегор мен Тони Фергюсон арасында уақытша чемпиондық белдік үшін жекпе-жек ұйымдастыруы мүмкін екен, деп хабарлайды prosports.kz.
Дана Уайт MMA Weekly-ге берген сұқбатында, Конор мен Тонидың жеңіл салмақтағы чемиондық белбеу иегері жекпе-жекке шақырмайынша күтіп отырмайтынын айтқан. Сол үшін Хабибтің дисквалификациясының аяқталуын күтудің еш жөні жоқ. Сол үшін Конор Макрегор мен Тони Фергюсон арасында уақытша чемпион атағы үшін кездесу өткізу мүмкіндгі мол екенін мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 9 ай мерзімге жарыстан шеттетілген болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz