Магомед Парагульгов «Ертіске» ауысты

0

Павлодарлық «Ertis» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговпен еңбек келісімі жасалғандығы жайлы хабарлады. 

Магомед Парагульгов — алматылық футбол мектебінің және бразилиялық «Оле Бразил» академиясының тәлімгері болып табылады. Кәсіби мансабын «Қайратта» бастаған, 2015 жылы семейлік «Спартакқа» жалға берілген еді.

2017 жылы «Қайрат» сапында Премьер Лигада алғашқы рет өнер көрсеткен еді. Аталмыш команда сапында екі мәрті ҚР Кубогы және Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Өткен жылы алғаш рет Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырылған болатын. 



Дереккөз: prosports.kz/kz