Мадияр Ашкеев кәсіби рингте 11-ші рет жеңіске жетті
Санта-Инездегі (Калифорния штаты) Chumash Casino ойын-сауық орталығында өткен бокс кешінде екі қазақстандық боксшы бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алдымен шаршы алаңға шыққан Мейірім Нұрсұлтанов (9-0, 7 КО) мексикалық Рамон Агинагиді (13-1, 9 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған.
Ал осы кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Мадияр Ашкеевтің (10-0, 6 КО) қарсыласы пуэрторикалық Луис Эрнандес (16-6, 9 КО) болатын. Кездесу толық 10 раундтқа жалғасып, төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Осылайша, Мадияр кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның алтауы мерзімнен бұрын.