Луценко «Тиррено-Адриатиконың» төртінші кезеңінде бірінші келді

Велошабандоз Алексей Луценко «Тиррено-Адриатико» жарысында төртінші кезеңді ұтты.
Луценко Фолиньодан Фоссмобронеге дейінгі 221 шақырымды 5 сағат 16 минутта бағындырды. Мәреге соңғы 20 шақырым қалғанда біздің спортшы екі рет құлап қалғанына қарамастан, жеңімпаз атанды.
Дереккөз: prosports.kz/kz