Ломаченконың WBO чемпионымен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

0
Жеңіл салмақта WBA (Super) чемпионы украиналық Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен WBO чемпионы пуэрторикалық Хосе Педраса (25-1, 12 КО) арасындағы жекпе-жек Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жекпе-жек 8 желтоқсан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theater кіші залында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Астана уақытымен кездесу келесі күні таңғысын басталады. 

Қазақстанда Ломаченко — Педраса жекпе-жегі «Хабар» арансынан көрестіледі, басталуы 08:00.

 WBA (Super) белбеуін 30 жастағы Ломаченко 12 мамыр, үшінші раундта венесуэлалық Хорхе Линаресті (45-4, 28 КО) нокаутқа түсіріп, ие болған. Осы жекпе-жекте украиналық алғаш рет нокдаунға түсті. 

Айта кетейік, Ломаченко және Педраса үшін де бұл кездесу карьерасындағы белбеу біріктіретін алғашқы жекпе-жек.