Ломаченко 12 сәуірде жұдырықтасады

0

Жеңіл салмақта WBA/WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченконың кезекті жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

31 жастағы украиналық боксшы 32- жастағы британдық Энтони Кроллаға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Кездесу 12 сәуірде Лос-Анджелос (Калифорния шт.) қаласындағы Staples Center аренасында өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, Ломаченко өткен жылдың 8 желтоқсанында Хосе Педрасты төрешілер шешімімен ұтқан болатын. 



Дереккөз: prosports.kz/kz