Лионель Мессиге суық тиіп қалса, бізге жақсы болар еді

0
85

«Лионның» президенті Жан-Мишель Оляс Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселонаға» қарсы матч алдында каталониялықтардың көшбасшысы Лионель Месси туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«2004 жылы сапында Роналду бар «Манчестер Юнайтедпен» ойнадық, Криштиану ракетадай болды. Бекхэм және Месси секілді жігіттермен кездестік, бірақ аргентиналық футболшы біздің клубымызға қарсы ешқашан шабыттана ойнамады. Осы үрдіс жалғасады деп үміттенеміз. Егер Леоға суық тиіп қалса, бізге жақсы болар еді», – деді «Лионның» президенті.

Командалар арасындағы алғашқы ойын 19 ақпанда Францияда өтеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz