Лионель Месси жетінші мәрте «Алтын доп» жүлдесін жеңіп алды

0
440

ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылдаушысы Лионель Месси 2021 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын доп» иегері атанды. Бұл оның жетінші жүлдесі, деп хабарлайды kznews.kz сайты Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

«Чемпионат» агенттігінің мәліметінше, 2019 жылы «Алтын допты» жеңіп алған еді.

Алайда 2020 жылы Мессиге тиесілі жүлде пандемияға байланысты табысталмаған болатын.

Дауыс беру нәтижесінде «Бавария» мен Польша құрамасының шаубылдаушысы Роберт Левандовский екінші орын алды. Үшінші орынға «Челсидің» жартылай қорғаушысы Жоржиньо жайғасты.