Кукушкин Дубай турнирінде ойнаудан бас тартты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Михаил Кукушкин Дубай турнирінде ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші оң иығын ауырсынуына байланысты осындай шешім қабылдады. Жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына жуықтайтын Дубай турнирінде М.Кукушкинді лаки-лузер ретінде шақырылған әлемнің 96-ракеткасы, чехиялық Иржи Веселы алмастырды. Биыл әлемнің 6-ракеткасы, жапониялық Кей Нисикори бастаған мықты теннисшілер қатысып жатқан Дубай турнирі 2 наурызда мәреге жетеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz