Конор да жазаланды, алайда жазасы Хабибтікінен жеңіл

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімімен Конор МакГрегор алты айға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ирландиялық спортшыға 50 мың доллар айыппұл төлеу міндеттелді.
Хабиб Нурмагомедов 9 айға спорттан шеттетілді. Ресейлік файтер 500 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді.
Айта кетейік, 6 қазан Лас-Вегаста өткен UFC 229 турирінде Нурмагомедов төртінші раундта МакГрегорды тұншықтырып тастаған еді.
Алайда кездесу біте салысымен Нурмагомедов октагонның қоршауынан асып түсіп, қарсылас команданың өкілдерімен төбелесе бастады.