Клубтар арасындағы әлем чемпионатының барлық қатысушылары белгілі болды » Vesti.kz

0
Желтоқсанның 12-сі мен 22-сі аралығы Біріккен араб әмірліктерінде өтетін клубтар арасындағы футболдан әлем чемпионатының барлық қатысушылары анықталды. 

Соңғы жолдаманы Либертадорес кубогы үшін екі матч қорытыныдысы бойынша «Бока Хуниорсты» жеңген (2:2, 3:1 д.в.) «Ривер Плейт» жеңіп алды. 

Мұның алдында клубтық матчке қатысатынын нақтылаған клубтар:

«Реал» (Испания, УЕФА Чемпиондар лигасын ұтқан),

«Эсперанс» (Тунис, КАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Гвадалахара» (Мексика, КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Касима Антлерс» (Жапония, АФК Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Тим Веллингтон» (Жаңа Зеландия, ОФК Чемпиондар лигасының жеңімпазы),

«Аль-Айн» (БАӘ, турнир иесі).

Қазіргі чемпион «Реал» және «Ривер Плейт» турнирді жартылай финалдан бастайды. Осылайша, аргентиналық клуб «Эсперанс» — «Тим Веллингтон»/»Аль Айн» кездесуінің жеңімпазымен ойнаса, ал мадридтіктер «Касима Антлерс» — «Гвадалахара» кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.