Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын

DAZN компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық Геннадий Головкин кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
— Аты танымал боксшылармен үлкен жекпе-жектер өткізгім келеді. Дәл қазір барлығы үшін ашықпын. Үздік бестіктегі боксшылармен де жұдырықтасуға дайынмын, — деді Геннадий Головкин Behind The Gloves арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Геннадий Головкин жаңа келісімшарт бойынша 8-ші не 16-шы маусым күні жекпе-жек өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз.
Дереккөз: prosports.kz/kz