Кәсіпқой бокс: Қазақстандық қарсыласын нокаутқа жіберді

0

Қазақстандық кәсіпқой Илья Очкин кәсіпқой рингтегі бесінші кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде бірінші орта салмақта қазақстандық боксшы Илья Очкин өзбекстандық Хусан Юлдашевпен қолғап түйістірді. Алты раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталып, отандасымыздың мерейі үстем болды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы осылайша төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Кәсіпқой бокстағы бес кездесудің бірінде отандасымыз жеңіліп қалған еді.



Дереккөз: prosports.kz/kz