«Канело» Альварес үшінші рет жұдырықтасу үшін Головкинге талап қойды » Vesti.kz

0
Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) үшінші жекпе-жекті ұйымдастыру үшін қазақстандық Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) талаптарын қойды.

Боксшылар екі рет жұдырықтасқан: 2017 және 2018 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында. Қарымтада қазақстандық төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атағынан айырылды. Қарымтадан кейін екі боксшы да бірден үшінші рет жұдырықтасуға дайын екендерін мәлімдеді. 

«Канело» Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын ашық айтты

«Альварестің айтуынша, Головкин DAZN-мен келісімшартқа отырғанда ғана үшінші рет жұдырықтасады. Головкин ESPN-мен келісімшарт жасасып, басқа жолмен кетсе, үшінші жекпе-жек мүмкіндіктері күрт төмендейді. Өйткені «Канело» келісімшарт бойынша алдағы бес жыл DAZN-ге байланып қалған. 

28 жастағы Альварес DAZN-мен 365 миллион долларға 11 жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқан. Бұл «Канело» үшін үлкен қаржы, алайда, осы телеалаң ішінде ғана жұдырықтасатындай мұнда басқа атақты боксшы жоқ», — деп жазады Boxingnews24.com.

VADA промоутердің «Канелоны» қарымтадан кейін тексермеуге қатысты шағымына жауап берді