«Канело» Альварес Головкинмен үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын ашық айтты

0
Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы Сауль «Канело» Альварес (50-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы ойын айтты. 

Боксшылар екі рет жұдырықтасқан: 2017 және 2018 жылы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында. Қарымтада қазақстандық төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атағынан айырылды.

«Өсекшілердің аузын дәлелмен жабу — тамаша сезім». Альварес Головкинді жеңгені жайлы

«Бокс әлемінде көптеген адам әлі де Альварес Головкинді жеңбеді, екі жекпе-жекте де оның ақысын жегенін сезіп жүр. 

Үшінші жекпе-жек әбден болуы мүмкін, Альвареске сенсек, оған сұраныс болса. Альварес жақында DAZN стриминг қызметімен келісімшарт жасасты, Головкиннен де осыны күіп отыр», — деп жазады ibtimes.com.

«Тек ақы жеген «Канеломен» емес». UFC файтері Головкиннің Хабиб немесе Конормен жұдырықтасу ойын қолдады

Ал бұл туралы Альварестің өзі былай дейді: «Бұл болуы мүмкін жекпе-жек. Ақыр-аяғы болатынын білесіздер. Бізде алдымен 15 желтоқсандағы кездесу бар. Егер жанкүйерлер қаласа, халық талап етсе, болуы әбден ықтимал. Бірақ ол алда. Ал әзірге бар назарымыз алдағы жекпе-жекте». 

«Бізде оған ақша бар». «Канелоның» телесеріктесі Головкинге қызығушылығын түсіндірді