Калгариде тұғыр биігінен көрінгім келді

0

2018 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева фристайлдан (могул) Калгариде өткен әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп жазады Prosports.kz сайты.

«Дайындық жоспар бойынша өтті. Олимпиада ойындары аяқталған соң да жаттығу үдерісі үзілген жоқ. Мен жоғарыда секіру техникамды жақсарттым. Енді ұпай жөнінен ешкімнен кем түспеймін. Бұл жеңісті көп күттім. Калгариде бәрінен де биік тұрғым келген. Осы күнге дейін тұғырдың биік сатысында тұрып көрмеген едім. Бұл үлкен қуаныш. Келесі кезеңдерде де бәрі сәтімен болады деген үміттемін. Өз командамның көмегінсіз мұндай жетістіктің ұшы да көрінбес еді. Олардың қолдауы шексіз», — деді спортшы ҰОК баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Еске сала кетейік, Калгаридегі әлем кубогы кезеңінде Юлия Галышева 79.10 ұпай жинап, чемпион атанды. 



prosports.kz