Кахабер Цхададзе «Ордабасымен» келісімшарт мерзімін ұзартты

«Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе шымкенттік клубтағы жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, грузиялық маманның жұмысына команда басшылары дән риза. Келісімшарт бір жылға жасалып отыр.
— «Ордабасы» басшылығы Кахаберу Джумберовичке және оның жаттықтырушылар алқасына толығымен сенім артады. «Ордабасы» футбол клубын жарқын жеңістер мен жетістіктер күтіп тұр деп үміттенеміз, — дейді клуб президенті Нұржан Катаев.