Юлия Галышева әлем кубогында бірінші болды

Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева бірінші болды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеті.
Финалда отандасымыз 79,10 ұпаймен бірінші орыннан көрінді. Екінші сатыда — франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинаған. Америкалық Джейлин Кауф үздік үштікті қорытындылады.
Айта кеткен жөн, Юлия Галышева былтыр желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында күміс медаль ұтқан.