Йоханнес Бё 2019 әлем чемпионы атанды
Әлем кубогының көшбасшысы Йоханнес Бё Эстерсундта өтіп жатқан
әлем чемпионатында 10 шақырымдық жүгіруден жарысты жеңіп алды.
Ол тұрып атуда мүлт кетіп, бір айыппұл шеңберімен 24:37,6
секундты көрсетті.
Александр Логинов күміс медальді иеленді. Орыс биатлонисті
10 нысананы дәл көздеп, 13,7 секундқа Бёға ұтылды.
Қола - француз Кентен Филлон-Майяда. Ол ату алаңында дәл болды
және жеңімпазға 16,5 секундқа қалып қойды.
Дереккөз: prosports.kz/kz