Эдди Хирн Головкинке қатысты мәлімдеме жасады

0

DAZN стримингтік платформасының басшысы Эдди Хирн Fighthype.com-ға берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жүргізіліп жатқан келіссөзге түсініктеме беріп, «ол мансабын аяқтауы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді.

Біз Геннадиймен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қалай болатынын көреміз. Алайда ол барлығымен келіссөз жүргізуде және көп ұзамай шешім қабылдайды. Ол Марвин Хаглердің ізімен жүріп, дәл қазір мансабын аяқтауы мүмкін бе? Жоқ, олай ойламаймын. Ол тамаша боксшы. Менің ойымша, әлі екі-үш жыл жұдырықтасады, — деді Хирн.

Қазіргі уақытта Головкиннің едәуір ықтимал қарсыласы ретінде WBO чемпионы Деметриус Андраденің аты аталып отыр. Ол да DAZN клиенті, егер Геннадий «миллиардтық жобаға» қосылуға шешім қабылдаса, бұл жекпе-жекті ұйымдастыру анағұрлым жеңілдейді.



Дереккөз: prosports.kz/kz