Ян Хирт «БАӘ турының» 3-ші кезеңінде 10-шы орын алды

0

Бүгін «Біріккен Араб Әмірлігінің туры» көпкүндік жарысының үшінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде Movistar командасының испаниялық шабандозы Алехандро Вальверде топ жарды. Ол 179 шақырым жолды 4:44.50 сағатта басып өтті.

Ал «Астана» үздік нәтижені Ян Хирт көрсетті. Чех шабандозы мәре сызығын 10-шы болып кесті.

Велоспорт. «БАӘ туры». 3-ші кезең

1. Алехандро Вальверде (Movistar) — 4:44.50

2. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma)

3. Давид Гауду (Groupama-FDJ)

…. 10. Ян Хирт («Астана»)

Жалпы есеп

1. Примож Роглич (Team Jumbo — Visma) — 9:38:05

2. Алехандро Вальверде (Movistar)

3. Давид Гауду (Groupama-FDJ)



Дереккөз: prosports.kz/kz