Икер Касильяс Чемпиондар лигасындағы жеңіс саны бойынша Роналдудан озды

Сәрсенбі, 6 наурызда, Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Порту» — «Рома» қарымте кездесу өткізді. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
«Порту» қақпашысы Икер Касильяс осы матчтан кейін Чемпиондар лигасындағы 101-ші жеңісіне жетті. Бұл көрсеткіш бойынша испаниялық Криштиану Роналдудан асып түсті. Португалиялық өз кезегінде 100 мәрте жеңіс тойын тойлаған.
Дереккөз: prosports.kz/kz