Игуаин алаңда долданып, Роналдумен керісіп қалғаны үшін жазаланды » Vesti.kz

0
«Милан» шабуылшысы Гонсало Игуаин Италия чемпионатының екі матчінен шеттелді, — деп хабарлайды Football Italia.

Аргентиналық футболшы А сериясындағы «Ювентуспен» ойын кезінде (83-ші минут) Игуаин қарсыласын құлатқан үшін алдымен сары қағаз алды, осыдан кейін арбитрге айқайлап, қызыл қағаз алды. 

Алайда аргентиналық алаңнан кеткісі келмеді және «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду және өзге де бұрынғы командаластарымен шекісіп қалды. Ал алаңнан кетіп бара жатып көз жасын ұстай алмады. 

Айта кетейік, оқиға болған сәтте есеп туриндіктер пайдасына 2:0 болған, ал Игуаин бірінші таймда пенальтиден гол сала алмаған еді. 

Матч сол есеппен аяқталды — 2:0. «Ювентусте» Марио Манджукич (8-ші минут) және Роналду (81-ші) гол салды.

Аргентиналық ұзақ мерзімге шеттелуі мүмкін еді, алайда, матчтен кейін Игуаин және Роналду да ешқандай намысқа тиетін сөздер болмағанын айтты. Ал видеода футболшының ерніне қарап оқу оның төрешіге «Сен үнемі маған қарсы ысқырасың» деп айқайлағанын көрсеткен.