Хуммельс, Боатенг пен Мюллер Германия құрамасы сапында ойнамайды
Йоахим Лев үш футболшысын Германия құрамасынан кетірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Bild порталына сілтеме жасап.
Бас бапкер Лев «Бавария» футболшылары — Матс Хуммельсті, Томас Мюллерді және Жером Боатенді ұлттық құрама сапына шақырмауға шешім қабылдады.
Мюллер, Боатенг және Хуммельс «бундесманшафт» сапында 70 матч өткізген, 2014 жылғы әлем чемпионы атанған.
Дереккөз: prosports.kz/kz