Хоккейден Қазақстан жастар құрамасы канадалық клубты жеңді » Vesti.kz

0
Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында Виктория университетінің «Vikes» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Осы кездесу қазақстандықтардың айқын басымдығымен аяқталды, — деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметі

Кездесу 6:2 есебімен аяқталды. Қазақстан сапынан Артур Гатиятов, Самат Данияр, Давыд Макуцкий, Олег Бойко, Саян Данияр және Айдос Жорабектер көзге түсті.

KAZAKHSTAN U20 – VIKES 6:2  (2:0, 1:0, 3:2)

1:0 – Гатиятов (Данияр См.) — 03:51

2:0 – Данияр См. (Данияр Сн.) — 16:26

3:0 – Макуцкий (Данияр Сн., Данияр См.) — 36:37

3:1 – Голдмен – 45:16

4:1 – Бойко (Гусейнов, Сайко) — 53:44

5:1 – Данияр Сн. (Гатиятов, Макуцкий) — 55:11

5:2 – Мэтчек – 58:50

6:2 —  Жорабек (Макуцкий, Тарасов) — 58:54

Еске салайық, бұл күндері хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Канадада оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/