Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді

0

UFC-дің жеңіл салмақтағы жеңілмеген чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға келді.

Спортшы қазір Алматыда, бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Алматы, біз сол осы жердеміз. 18 маусымда турнирде кездескенше», — деп Хабиб қала көшелерінің бірінде түсірілген суретке қол қойды.

Айта кетейік, 18 маусымда «Алматы Аренада» Eagle Fighting Champiomship — EFC 37 лигасының аралас жекпе-жектен турнирі өтеді. Нурмагомедов осы турнирдің арнайы қонағы болады.

Іс-шараның картасы 13 жекпе-жекті қамтиды, олардың бастысы — Дағыстанның Арыстаны лақап атымен танымал EFC президенті Шамиль Завуров пен бразилиялық Рикардо Тирлонидің кездесуі.