Гвоздик нокаутқа түсірген Стивенсонды дәрігерлер жасанды комаға салды » Vesti.kz

0
WBC ұйымының бұрынғы чемпионы Адонис Стивенсон ауыр күйден оңалды. Бұл туралы промоутер Ивон Мишель твиттер желісінде жазды. 

«Адонистің жағдайы күрделіден тұрақтыға оңалды, бұл салыстырмалы түрде жақсы жаңалық. Ол бақылаудағы жасанды комада болды, бұл оның жағдайын жеңілдету үшін жасалған болатын. Оның отбасы, әйелі Симона, Ивон Мишельдің тобы барлығына жақсы хабар үшін алғыс білдіреді. Басқа ақпарат кейін болады», — деп жазыпты Мишель. 

2 желтоқсан Квебекте (Канада) Стивенсон белбеуін Александр Гвоздиктен қорғаған болатын. Украиналық қарсыласын 11 раундта нокатуқа түсірді. Стивенсонды рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен. Жекпе-жектен кейін оны ауыр жағдайда ауруханаға алып кетті. 

41 жастағы боксшының миына қан құйылды деген күдік болды. Осыдан кейін дәрігерлер боксшыны алдына ала жасанды комаға түсіру шешімін қабылдады. 

Осылайша, Стивенсон чемпиондығынан айырылып, карьерасында екінші рет жеңіліп отыр. Сонымен бірге, ол 29 жеңіске жетіп, бір рет тең түскен. Гвоздик 16-шы рет жеңіске жетті, украиналық бірде-бір жеңілмеген.