Головкиннің физикалық жағдайы қалай?

0

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN USA YouTube-арнасына берген сұқбатында мансабын аяқтау туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

— Бокс өзгеріп келеді. Бір бағытта дамыса, басқасында қалып жатыр. Көрсеткіштерім жеті жыл бұрынғысына қарағанда нашар деп ойламаймын. Өзімді керемет сезінемін. Бұл туралы менің жаттықтырушым айтып бергені дұрыс болар. Соған хабарласыңыз. Келесі аптада жаттығу лагеріне баруды жоспарлап отыр. Тексерістен өтемін, — деді Головкин. 

Геннадий Головкин 7 наурыз күні таңертең DAZN компаниясымен алты кездесуге келісімшартқа қол қойған. Әр жекпе-жегі үшін қомақты қаржы алады. Ол жылына екі рет жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.

Келесі жекпе-жегін 8-ші не 16-шы маусым күні өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бастапқыда қазақстандық боксшы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда америкалық боксшы 24 маусым күні жекпе-жек өткізетін болды. Ал Геннадий Головкиннің екінші айқасы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің соңғы телесеріктесі HBO болды, бірақ келісім-шарт аяқталды, содан кейін каналдың басшылығы бокстан мүлдем кетуге шешім қабылдады.



Дереккөз: prosports.kz/kz