Головкинге ресейлік боксшымен жұдырықтасуды ұсынылды

0

Америкалық Ringnews24.com басылымы қазақстандық Геннадий Головкинге ресейлік боксшы Дмитрий Биволмен жұдырықтасуды ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Бұл жекпе-жек басқаларына қарағанда өзгеше болады. Жартылай ауыр салмақта WBA чемпион Бивол Головкиннен екі санатқа жоғары. Бірақ Бивол үлкен жекпе-жек үшін салмақ тастауға әзір екенін мәлімдеген болатын. Бұл жекпе-жек GGG үшін сынақ болар еді. Оның өзінен едәуір алып қарсыласпен жұдырықтасқанын көру қызық болады», — деп жазды басылым.



Дереккөз: prosports.kz/kz