Головкин промоутер Том Леффлермен қатынасын үзетіні айтылды
Алайда GGG-дің бапкері Абель Санчес бұл ақпаратты растамды, ал Леффлердің өзі бұл сөзге қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.
Головкин мен Леффлер 2011 жылдан бастап істесіп келеді, ол кезде америкалық промоутер сот арқылы германиялық Universum компаниясымен қатынасын үзген. Былтыр Леффлер өзінің промоутерлік компаниясын ашты.
Осы айда Лос-Анджелесте Головкин промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) DAZN өкілі Джон Скиппермен кездескені белгілі болды. Ақпарат көзінің мәліметінше, төрт сағатқа созылған келіссөздер барысында Головкинке өте ұтымды ұсыныс жасалды. Ал бұл кездесуге Леффлер қатыспаған.
«Адамдарды таңдандырды». Головкиннің телесеріктестермен кездесуіне Леффлер қатыспады
Қазір Головкин еркін агент. Қазақстандық 2012 жылдан бері HBO арнасынмен келісімшартта болды. Бұл арнамен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек «Канело» Альвареспен қарымта болған.
Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/