Головкин мен Жиров жекпе-жектері телеарна тарихындағы үздік көрсетілімдер тізімінде » Vesti.kz

0
Өткен демалыста АҚШ-тың Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында HBO арнасының 45 жылдық тарихын аяқтаған бокс кеші өтті. 

Мұның алдында америкалық телеарна 2019 жылдан бастап кәсіпқой бокс жекпе-жектерін трансляциялауын тоқтататынын мәлімдеген. Зерттеулер бокстың HBO арнасына жазылудың негізгі факторы еместігін көрсеткен. 

Соңғы жылдары HBO боксқа деген қаржыны қысқартып келді. Бұдан көрсетілу сапасы бірден нашарлады, осыған байланысты сындар айтыла бастады. Оның үстіне телеарна бәсекелестері Showtime, ESPN және Fox бокс трансляциялары нарығында үлесін арттыра түсті. Сонымен қатар, жаңа бәсекелес — DAZN стриминг қызметі пайда болды. 

HBO арнасында кәсіпқой бокс көрсетілімі 1973 жылы қаңтарда болды. Ол кезде аса ауыр салмақта әлем чемпионы Джо Фрейзер мен үміткер Джордж Форман жұдырықтасты. 

Осыған байланысты ESPN арнасының маманы және АҚШ-тағы белгілі бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль HBO арнасында көрсетілген үздік 45 жекпе-жекті есіне түсірді. Бұл тізімде қазақстандық Геннадий Головкин мен Василий Жировтың жекпе-жектері бар.

«16. Геннадий Головкин — Сауль Альварес, 16 қыркүйек 2017 жыл; Геннадий Головкин — Сауль Альварес, 15 қыркүйек 2018 жыл; екеуі де Лас-Вегаста: екі тамаша жекпе-жек, онда экшн мен даулы жағдайлар көп болды. Өйткені алғашқыда Головкин белбеулерін сақтап қалды, ал екіншісінде «Канело» болмашы басымдықпен ғана жеңген. 

22. Джеймс Тони — Василий Жиров, 26 сәуір 2003 жыл, Машантакет, Коннектикут: крузервейттің тарихындағы ең мықты жекпе-жек шығар. Тонидің бапкері Фредди Роуч 12 раундта нокдаун керегін айтты да, боксшы мұны жасап, драмалық слагфестті аяқтады. Бұл жекпе-жекте ол белбеуді алды және кейін нокдаунның қажеті болмағаны анықталды», — деп жазыпты автор.