Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 2019 жылы өтуі мүмкін
WBN спорттық порталы Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесу қандай жағдайда болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Sports.kz.
Аталмыш сайттың мәліметінше, егер «Канело» британиялық Рокки Филдингдті жеңсе, ал GGG халықаралық бокс ұйымының кеңесіне құлақ асып, америкалық Джермалла Чарлоға қарсы шығатын болса, үшінші жекпе-жектің өтуі әбден мүмкін.
Басылымның жазуынша, Головкин 76 келіден де ауыр салмақта да өнер көрсете алады.
Айта кетейік, қазір, GGG қазір 72 келіде жұдырықтасады.
«Головкин — «Канело» арасындағы жекпе-жекті келер жылы Хирна DAZN аясында көруіміз мүмкін«, — деп жазады портал.