Головкин IBF рейтингінің үздік ондығына кірмей қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) боксшылардың ай сайынғы рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады.
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 11-орында қалды. Қазіргі чемпион америкалық Дэниэл Джейкобс болғанмен рейтингтің бірінші орны бос тұр, кейінгі орындарда эквадор-неміс боксшысы Джек Кулкай мен украиналық Сергей Деревянченко тұр.
Осы ұйым аясында жартылай орта салмақ санатында өнер көрсетіп жүрген Бахтияр Эюбов бір саты жоғарылап, 13-орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, 15 ақпан күні Бахтияр Малвэйнде (Канзас штаты, АҚШ) өткен жекпе-жегінде мексикалық Хосе Луис Родригеспен тең түскен болатын.
Дереккөз: prosports.kz/kz