Головкин DAZN платформасымен жақын арада келісімшартқа отырады

0
76

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жекпе-жектерін әлемге паш ететін жаңа платформа іздеп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Worldboxingnews.net порталының мәліметінше, жақын күндері Головкиннің DAZN стримингтік қызметімен келісімшарт жасасқаны жария етіледі. 

Қазіргі таңда Геннадийге Showtime, ESPN мен Fox телеарналары және DAZN платформасы қызығушылық танытуда. Соңғы аталған беделді стримингтік сервис, GGG-дің әр кездесуі үшін 10 млн долларға дейін төлеуге даяр екендіктерін айтқан.

Еске салсақ, DAZN бұған дейін Сауль Альвареспен 365 миллион долларға келісімшарт жасаған болатын.



prosports.kz