Головкин-Альварес қарымтасы The Ring тұжырымынша жыл жекпе-жегі аталды » Vesti.kz

0
Бокс туралы жазатын беделді The Ring журналы 2018 жылдың қорытындысы бойынша өз марапаттарының жеңімпаздары тізімін жариялады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта әлем чемпионы болған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин екі номинация бойынша ұсынылды. Оның мексикалық Сауль Альвареспен өткен екінші кездесуі жыл жекпе-жегі болып танылды. Сонымен қатар, ол «Жылдың айтулы оқиғасы» номинациясына үміткер болды, алайда бұл атақты бокс кештерін трансляциялаудан бас тартқан НВО арнасы иемденді.

Журнал нұсқасы бойынша украиналық Александр Усик «Жыл боксшысы» болды, ал Василий Ломаченконың әкесі әрі ұстазы Анатолий Ломаченко жылдың үздік бапкері атағын иеленді.

Наойя Инуэ — Хуан Карлос Пайяно жекпе-жегінің ақяталуы «Жыл нокауты» номинациясында үздік болды.

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын Тайсон Фьюридің рингке шығуы 2018 жылдың оралуы, ал оның Деонтей Уайлдермен жекпе-жегінің 12-ші раунды «Жыл раунды» атағын иеленді.

Ал «Астана Арландарының» бұрынғы мүшесі хорватиялық Филип Хргович ұсынылған «Жыл проспекті» атағы Теофимо Лопеске өтіп кетті.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/