GGG Promotions болашағы қандай болмақ?
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN USA YouTube-арнасына берген сұқбатында өзінің GGG Promotions промоушені жайлы және Том Леффлердің жаңа қызметі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
— Біз промоушеніміздің болашағына сенеміз. Томның біздің промоушенде қалғанын қалаймын. Оның промоушендегі қызметі жайлы әлі бір шешімге келмедік. Оның тәжірибесі мен қыралығын жоғары бағалаймын. Ол — ақылды адам. Онымен әлі келісетін боламыз, — деді Головкин.
Геннадий Головкин 7 наурыз күні таңертең DAZN компаниясымен алты кездесуге келісімшартқа қол қойған. Әр жекпе-жегі үшін қомақты қаржы алады. Ол жылына екі рет жекпе-жек өткізеді деп күтілуде.
Келесі жекпе-жегін 8-ші не 16-шы маусым күні өткізуі қажет. Әзірге қарсыласы белгісіз. Бастапқыда қазақстандық боксшы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Деметриус Андрадемен кездесуі мүмкін екені хабарланған еді. Алайда америкалық боксшы 24 маусым күні жекпе-жек өткізетін болды. Ал Геннадий Головкиннің екінші айқасы қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареске қарсы өтуі қажет.
Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің соңғы телесеріктесі HBO болды, бірақ келісім-шарт аяқталды, содан кейін каналдың басшылығы бокстан мүлдем кетуге шешім қабылдады.
Дереккөз: prosports.kz/kz