Геннадий Головкин жылына қанша табыс табады?

0

Әлемге әйгілі Forbes журналы жүргізген зерттеу бойынша ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімі жасалды. Жүз спортшының арасында Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды sports.kz сайты.

Қазақстандық боксшы тізімнің 72-ші орнына жайғасқан.

Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс тапқан.

Ал «Канелоның» табысы 44,5 млн долларды құраған. Ол тізімнің 15-ші орнына жайғасыпты.

Сондай-ақ, бұл тізімді кіші Флойд Мэйвезер бастап тұр. Оның табысы — 285 миллион доллар.

Екінші орынға — Лионель Месси 111 млн доллармен жайғасса, Криштиану Роналду 108 млн доллармен үшінші орынды еншілеген.