Геннадий Головкин жылына қанша табыс табады?

Әлемге әйгілі Forbes журналы жүргізген зерттеу бойынша ең жоғары жалақы алатын спортшылар тізімі жасалды. Жүз спортшының арасында Геннадий Головкин де бар деп хабарлайды sports.kz сайты.
Қазақстандық боксшы тізімнің 72-ші орнына жайғасқан.
Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс тапқан.
Ал «Канелоның» табысы 44,5 млн долларды құраған. Ол тізімнің 15-ші орнына жайғасыпты.
Сондай-ақ, бұл тізімді кіші Флойд Мэйвезер бастап тұр. Оның табысы — 285 миллион доллар.
Екінші орынға — Лионель Месси 111 млн доллармен жайғасса, Криштиану Роналду 108 млн доллармен үшінші орынды еншілеген.