Геннадий Головкин жаңа телепартнермен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN телеарнасымен
келісім жасасты, деп хабарлайды Sports.kz.
«Шұғыл! Головкин бейсенбі күні таңертең DAZN командасымен
алты кездесуге келісімшартқа қол қойды. Әр жекпе-жекте
ол сегіз сандық соманы табады, ол жылына екі рет жекпе-жек
өткізеді деп күтілуде. Мәміле Лос-Анджелесте өткен баспасөз
мәслихатында дүйсенбіде жарияланады. Ол маусым айында
жұдырықтасады», - деп жазды The Ring журналының
инсайдері Майк Коппинджер.
Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің соңғы телесеріктесі
HBO болды, бірақ келісім-шарт аяқталды, содан кейін каналдың
басшылығы бокстан мүлдем кетуге шешім қабылдады.
Дереккөз: prosports.kz/kz