Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне оңай қарсылас таңдайды

0
98

Екінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласты таңдауы жайында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегінде оған оңайырақ болатын шығар. Ол қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізгісі келсе, тәуекелге бармайды деп ойлаймын. Бұл Дэнни Джейкобс немесе Келл Брукпен жекпе-жектерге қарағанда оңайырақ кездесу болады. Бірақ Геннадийден кез келген нәрсе күтуге болады, себебі бол бокстағы ең жарқын жұлдыздардың бірі ғой», – деді Труакс Express.co.uk сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге салсақ, DAZN-мен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегін Головкин маусым айында өткізеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz