Геннадий Головкин келесі жекпе-жегіне оңай қарсылас таңдайды

Екінші орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Калеб Труакс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласты таңдауы жайында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
«DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегінде оған оңайырақ болатын шығар. Ол қыркүйекте Сауль Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізгісі келсе, тәуекелге бармайды деп ойлаймын. Бұл Дэнни Джейкобс немесе Келл Брукпен жекпе-жектерге қарағанда оңайырақ кездесу болады. Бірақ Геннадийден кез келген нәрсе күтуге болады, себебі бол бокстағы ең жарқын жұлдыздардың бірі ғой», — деді Труакс Express.co.uk сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізге салсақ, DAZN-мен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегін Головкин маусым айында өткізеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz