Геннадий Головкин бұрынғы менеджерлерін сотқа берді

0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы менеджерлерін сотқа берді, деп хабарлайды Prosports.kz The Blast-қа сілтеме жасап.

GGG-дің пікірінше, менеджерлер бірнеше жыл бойы оны пайдаланып, Головкинге тиесілі милллиондаған долларды өз қалталарына басқан.

Сот құжаттарына сүйенсек, Максим мен Олег Германдар кірістер туралы әдейі айтпай, комиссия үшін көп қаржы алған. Сондай-ақ, олар Головкиннің соңғы жекпе-жектеріне ат салыспаса да, ақша алып отырған екен.

GGG Ñ Ð±ÑаÑÑÑми ÐеÑманами

Головкин Германдармен қарым-қатынасты 2017 жылы толығымен үзген, бірақ менеджерлер былтыр Альварес пен GGG арасындағы реванштан пайда көргісі келіпті.

Головкин ағайынды Германдарды сотқа беріп, өзіне тиесілі 3,5 миллион долларды кері қайтаруды қалап отыр.



prosports.kz