Гарет Бэйл «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

0

Мадридтік «Реал» форварды Гарет Бэйл «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz

Transfermarkt порталының хабарлауынша, «Қызыл сайтандар» Бэйлді 90 млн еуроға бағалап отыр.

Гарет корольдік клубқа «Тоттенхэмнан» 100 млн еуроға ауысқан болатын. 

Валлийлік ойыншының корольдік клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін есептелген.

Ағымдағы маусымда шабуылшы 13 матч өткізіп, төрт гол соқты және үш нәтижелі пас берді.



Дереккөз: prosports.kz/kz