Футзалдан Қазақстан құрамасы Хорватиямен жолдастық матч өткізеді

0

Футзалдан Қазақстан құрамасы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

29 қаңтар мен 3 ақпан арасында Қазақстан құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Алдағы ОЖЖ аясында команда Хорватия құрамасына қарсы екі жолдастық матч ойнайды. Кездесулер 1 және 2 ақпанға жоспарланған.

Бірінші ойын Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында, ал екінші ойын «Зенит» спорт кешенінде («Бағанашыл») өтеді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы жиынына шақырту алғандар белгілі болды:

Қақпашылар: Игита («Қайрат») мен Салауат Байралиев («Ақтөбе»);

Алаңдағы ойыншылар: Дінмұхамбет Сүлейменов, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас, Серік Жаманқұлов, Тайнан (бәрі — «Қайрат»), Альберт Ақбалықов, Нұрбек Қарағұлов, Қайрат Иманалин (бәрі — «Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»), Нұрсұлтан Пиялы («Жетісу»);

Бапкерлік штаб: бас бапкер – Паулу Рикардо Фигейра Силва, бас бапкердің көмекшісі – Сергей Коридзе, физикалық дайындық бапкері – Де Соуза Каррильо Луиз Круз, дәрігер – Хосильбек Тағаев, массажшы – Айбек Есалинов, әкімші – Жандос Кеңесов.



prosports.kz