Футболшы матч кезінде көз жұмды. Видео

0

«Аканда» футбол клубының ойыншы Эрман Цинга 2 наурызда «Миссиле» командасына қарсы матч кезінде, алаңда құлап, көз жұмды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мәлім етті.

Габон футбол федерациясының ресми сайтында футболшының алаңға құлап, есін жоғалтқаны хабарланған. Спортшы ауруханаға апара жатқанда жан тапсырыпты.

Эрман Цинганың өліміне не себеп болғаны белгісіз, марқұм футболшының жасы 30-да болатын.



Дереккөз: prosports.kz/kz