France Football және L’Equipe шолушысы «Астана» жеңілісінің басты себебін атады » Vesti.kz

0
France Football журналы мен L’Equipe газетінің шолуышысы Танги Ле Севилье Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында «Астананың» жеңілу себебін атады. 

Қазақсатандық клуб Еуропа лигасының топтық кезеңінің соңғы матчында франциялық «Реннен» 0.2 есебімен ұтылып, плей-офф кезеңіне өте алмады. 

«Реннің» өрлеуі мен «Астананың» құлдырауы туралы айтқанбыз. Франциядағы матч мұның дәлелі болды. Жарысты жақсы бастағанымен, баяулай бастады да ең нашар матчы соңғы ойынға келді. 

Қонақтарда тең ойынды сақтап қалуға мүмкіндігі болмады. Ерте ме, кеш пе қорғанысы бұзылатын еді. Тым сақтықпен ойыны түсінікті болды, «Астанаға» батыл ойнау қажет еді. Бірақ әділін айтсақ, қазақстандық клубтың еурокубоктық жолы «Динамодан» жеңіліспен аяқталған еді», — дейді Севилье.

Францияға жеңіс үшін барғанбыз, бірақ … «Астананың» жартылай қорғаушысы

Матчтен кейін «Астана» бапкері Григорий Бабаян бар кінәні өз мойнына алды, ал «Реннің» бас бапкері Жереми Стефан бұл жеңіс жанкүйерлер жүрегінде қалатынын айтты. 

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/