Феллайни құрамадан кетті
31 жастағы «Шаньдун Лунэн» ойыншысы Маруан Феллайни өзінің твиттер парақшасында құрамадағы мансабын аяқтайтынын жазды.
«12 жыл жоғары деңгейдегі ойыннан кейін халықаралық футболдағы мансабымды аяқтаймын деп шештім. Оңай болған жоқ, бірақ жастарға орын беру керек», – деді жартылай қорғаушы.
Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан құрамасы 8 маусымда сырт алаңда, 13 қазан күні өз алаңында Бельгия құрамасымен кездесу өткізеді.
Дереккөз: prosports.kz/kz