Еуропа лигасының қатысушысы Англия құрамасына гол салған қазақты өзіне шақырмақ

0
«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев қысқы трансфер кезінде шымкенттік «Ордабасыға» ауысуы мүмкін, — деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы футболшы ақтөбеліктер сапында негізгі ойыншыға айналып, ҚПЛ-де 25 матч өткізді және бес нәтижелі пас берді, сондай-ақ екі гол салды. Футболшының «Ақтөбемен» келісімшарты аяқталды, ал жаңасы әлі жасалған жоқ.  

2018 жылғы ҚПЛ-де төртінші болған «Ордабасы» Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысын өзіне шақырмақ. Бұл шымкенттіктердің тәрбиеленушісі әрі көшбасшысы Еркебұлан Тұңғышбаевтың алматылық «Қайратқа» өтуімен байланысты. Алдағы маусымда «Ордабасы» Еуропа лигасының квалификациялық ойындарына қатысады. 

Жамбыл Көкеев премьер-лигада 2016 жылы «Астана» сапында ойнай бастады. Сонымен қатар, ол «Алма-Ата», «Локомотив» (Астана), «Шахтер», «Қайрат» және «Қайсар» клубтарында болды. Қазақстан құрамасы үшін 29 матчте екі гол салды.  Оның бірі Лондондағы «Уэмбли» стадионында Англия құрамасының қақпасына кірген доп еді.

Дереккөз: http://kaz.vesti.kz/