Еуропа лигасының келесі кезеңінде кездесетіндер белгілі

0
88

Ньон қаласындағы (Швейцария) УЕФА штаб пәтерінде футболдан Еуропа лигасының жеребесі тартылды. Бұл жөнінде Prosports.kz хабарлады.

Еуропа Лигасының 8/1 финалында кездесетін жұптар:

«Челси» (Англия) – «Динамо» (Киев, Украина)
«Айнтрахт» (Германия) – «Интер» (Италия)
«Динамо» (Загреб, Хорватия) – «Бенфика» (Португалия)
«Наполи» (Италия) – «Ред Булл Зальцбург» (Австрия)
«Валенсия» (Испания) – «Краснодар» (Ресей)
«Севилья» (Испания) – «Славия» (Чехия)
«Арсенал» (Англия) – «Ренн» (Франция)
«Зенит» (Ресей) – «Вильярреал» (Испания)

Еуропа лигасының 8/1 финалы 7 және 14 наурызда өтеді. Финал 29 мамыр күні Баку қаласындағы «Олимпийский» стадионында өтеді.



Дереккөз: prosports.kz/kz