Есінен танып құлады. Арман Оспанов америкалық «Баскесермен» айқаста жеңілді

0

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-4) Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі бірінші жекпе-жегінде америкалық Крис Уэйдтен (19-6) жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Атлантик-Ситиде өткен PFL 4 турниріндегі айқас екінші раундта нокаутпен аяқталды.

Бірінші раунд теңдей өттті. «Сұңқар» тік тұрып жұдырықтасып, көбірек соққы жасады, дегенмен, Крис партер мен клинчте қауіпті болып отырды. Екінші раунд басында Арман қарсыласын нокдаунға түсірді. Алайда Уэйд қазақ спортшының соққылар сериясына шыдап, артынан толықтай ес жиып алды.

Ал біраз уақыт өте америкалық тепкен сәтте Арман сәтсіз еңкейді де, соққы дәл басына тиді. Осыдан кейінгі соққылардан «Сұңқар» есінен танып құлады.